Ақтөбе қалалық 31 қазақ орта мектебінде 1-қыркүйек — Білім күніне арналған іс-шара «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында өткізілді. Мектеп директоры Жумагулов Бақытбек Дүйсенбаевич оқушыларды, ұстаздарды, оқушыларды құттықтады. Іс-шараға «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ «Әдістемелік кабинет» КММ әдіскері Айтбағанбетов Айбек Сағынбайұлы қатысып, Білім күнімен құттықтады. Ата-аналар атынан 10 ә-сынып ата-анасы Байтакова Айсын Мурсиновна құттықтау сөз сөйледі.
Қазақстан халқы тілдер күніне және қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына байланысты бекітілген апталықта жоспар бойынша түрлі іс- шаралар ұйымдастырылды. Апталық аясында бастауыш класс мұғалімдері «Тілдер қандай керемет», «Тіл- баға жетпес мұра», «Менің тілім- мәңгілік тіл» тақырыптарында тәрбие сағаттарын ұйымдастырды. МИФ бірлестігі 2 қабатты тақырыпқа сай безендірді. Орыс тілі пәні бірлестігі мүшелері «Страна, соединившая народа» атты 5-7 класс оқушылары арасында әдеби кеш өткізсе, Эстетика пәндер бірлестігі «Тіл-тірегіміз, соғып тұрған — жүрегіміз» тақырыбында ұлттық ойындардан сайыс өткізді. Ағылшын пәні бірлестігі «Тіл — татулық тірегі», Тарих пәні бірлестік мүшелері «Ұлт ұстазын ұлықтайтын күн» тақырыбында танымдық сабақ, Жаратылыстану пән бірлестігі тәрбие сағаттар және тренингтер ұйымдастырды. Апталық қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі мүшелерінің басшылығымен өткен «Ұлыстың ұлы ұстазы — Ахмет Байтұрсынұлы» атты музыкалық- әдеби кешпен жабылды.
25 — қазан Қазақстан Республикасының мерекесіне орай «Рәміздер ел — беделі» тақырыбында шара болып өтті. Шараға ардагер ұстаз Есқалиева Дариға Нәсіпқалиқызы қатысып, оқушыларға өз Отанын қалтықсыз сүюге, елінің патриоты болуға шақырып, тілегін айтты. Мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт — дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу. Шараға 5,6,7 кластар қатысты. Оқушылар шараға белсенділікпен қатысты. Шараны ұйымдастырған тәлімгер Г. Сармолдина, ТІЖО Г. Н. Таймова, ҚББП І.Қ. Қайырғазина.
24 қараша күні арнаулы кітапхана қалалық 31 қазақ орта мектебінің мәжіліс залында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Орынай Бижанқызымен бірлесе, жазушы Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдығына арналған «Қазақ әдебиетінің майталманы” атты әдеби-сазды кешін өткізді. Тақырыпқа сай кітап көрмесі жасақталып мектеп оқушыларына жазушының
» Дауылдан кейін», «Қарағанды», «Миллионер» шығармалары таныстырылды.
Әдеби кеште оқушылар
«Елім менің», «Мен қазақпын» патриоттық әндерін шырқап, жазушы шығармаларынан естеліктер оқыды.