Меню KDT
МЕНЮ
logo.jpeg?_=1687196579
"№31 қазақ орта мектебі" КММ
Біздің сайтқа қош келдіңіз


Ақтөбе қалалық 31 қазақ орта мектебінде  1-қыркүйек — Білім күніне арналған іс-шара «Терең білім, еңбекқорлық және  отаншылдық қасиет» тақырыбында өткізілді. Мектеп директоры Жумагулов Бақытбек Дүйсенбаевич оқушыларды, ұстаздарды, оқушыларды құттықтады. Іс-шараға «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ «Әдістемелік кабинет» КММ әдіскері Айтбағанбетов Айбек Сағынбайұлы қатысып, Білім күнімен құттықтады. Ата-аналар атынан 10 ә-сынып ата-анасы Байтакова Айсын Мурсиновна құттықтау сөз сөйледі.

Қазақстан халқы тілдер күніне және қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық  мерейтойына байланысты бекітілген апталықта жоспар бойынша түрлі іс- шаралар ұйымдастырылды. Апталық аясында бастауыш класс мұғалімдері «Тілдер қандай керемет», «Тіл- баға жетпес мұра», «Менің тілім- мәңгілік тіл» тақырыптарында тәрбие сағаттарын ұйымдастырды. МИФ бірлестігі  2 қабатты тақырыпқа сай безендірді. Орыс тілі пәні бірлестігі мүшелері «Страна, соединившая народа» атты 5-7 класс оқушылары арасында әдеби кеш  өткізсе, Эстетика пәндер бірлестігі «Тіл-тірегіміз, соғып тұрған — жүрегіміз» тақырыбында ұлттық ойындардан сайыс өткізді. Ағылшын пәні бірлестігі «Тіл — татулық тірегі», Тарих пәні бірлестік мүшелері «Ұлт ұстазын ұлықтайтын күн» тақырыбында танымдық сабақ, Жаратылыстану пән бірлестігі тәрбие сағаттар және тренингтер ұйымдастырды. Апталық қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі мүшелерінің басшылығымен өткен «Ұлыстың ұлы ұстазы — Ахмет Байтұрсынұлы» атты  музыкалық- әдеби кешпен жабылды.

25 — қазан Қазақстан Республикасының мерекесіне орай «Рәміздер ел — беделі» тақырыбында  шара болып өтті. Шараға ардагер ұстаз Есқалиева Дариға Нәсіпқалиқызы қатысып, оқушыларға өз Отанын қалтықсыз сүюге, елінің патриоты болуға шақырып, тілегін айтты. Мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүюге,  қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін,  мәдениетін,  салт — дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу.  Шараға 5,6,7 кластар қатысты. Оқушылар шараға белсенділікпен қатысты. Шараны ұйымдастырған тәлімгер Г. Сармолдина, ТІЖО Г. Н. Таймова, ҚББП І.Қ. Қайырғазина.

24 қараша күні арнаулы кітапхана қалалық  31 қазақ орта мектебінің  мәжіліс залында қазақ тілі пәнінің  мұғалімі Орынай Бижанқызымен бірлесе, жазушы Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдығына арналған «Қазақ әдебиетінің майталманы” атты әдеби-сазды кешін өткізді. Тақырыпқа сай кітап көрмесі жасақталып мектеп оқушыларына  жазушының

» Дауылдан кейін», «Қарағанды», «Миллионер» шығармалары таныстырылды.

Әдеби кеште оқушылар

«Елім менің», «Мен қазақпын» патриоттық әндерін шырқап, жазушы шығармаларынан естеліктер оқыды.


28-желтоқсан күні 5,6,7 класс оқушылары арасында «Жаңа жыл,жаңа ой, жаңа бақыт!» тақырыбында жасыл шырша жанында жаңа жылдық мерекелік шара өтті. Жаңа жылдық шыршаға мектеп директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Г.Н.Таймова қатысып оқушыларды жаңа жылымен құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Оқушылар Аяз ата мен ақшақардан өз өнерлерін көрсетіп, сыйлықтар алды. Шыршаға оқушылар түрлі жаңа жылдық аңдардың,ертегі кейіпкерлерінің костюмдерін киіп келді. Оқушылар мерекелік шырша мерекесінен жақсы көңіл күймен тарады.
27-28 желтоқсан күндері 8,9,10 класс оқушылары арасында «Жаңа жыл, жаңа ой, жаңа бақыт!»тақырыбында 8-9 кластар концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. 10-кластар арасында акт залдағы ледэкраннан кинотеатр ұйымдастырылып,«Ирония судьбы»деген фильм қарап тамашалады.
Мақсаты: Оқушыларға "Жаңа жыл "мерекесін дәстүрлі емес жолмен мерекені өткізуге үйрету. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой-өрістерін кеңейту. Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке,көпшілік қоғамдық ортада өздерін тәртіпті ұстауға тәрбиелеу.
Аталған шараларға мектеп директорының тәрбие ісі - жөніндегі орынбасары Г.Н.Таймова қатысып, оқушыларды жаңа жылмен құттықтап, өзінің ыстық лебізін білдірді. Мерекелік шара соңында оқушыларға би кеші ұйымдастырылды.



29-желтоқсан күні 11класс оқушылары арасында "Жаңа жыл, жаңа ой, жаңа бақыт" тақырыбында жаңа жыл "Ретро стиль 90-жылдар" тоқсаныншы жылғы фильм кейіпкерлері костюмдерін киді.
Мақсаты: Оқушыларға "Жаңа жыл" мерекесін дәстүрлі емес жолмен мерекені өткізуге үйрету.Көпшілік ортада өздерін тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.
Мерекелік шараға мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Г.Н. Таймова қатысып,оқушыларды жаңа жылмен құттықтап, өзінің ыстық тілегін білдірді. Сонымен қатар шараға Ақтөбе қаласы,Алматы ауданы✓3 ҚПБ ЖПҚБ ювиналдық полиция тобының инспекторы Д.Қ.Аманжолов қатысты. Кеш соңында оқушыларға би кеші ұйымдастырылды. Оқушылар жақсы көңіл күймен тарады.


Мектебімізде 14 ақпан күні Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Кітабым - мақтанышым» атты акция ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты: Барлық оқушыларды кітап оқуға шақыру, кітап оқу мен кітапты бір- біріне сыйлау, жақсы кітаптарды оқуға насихаттау. Сол арқылы жас ұрпақтың кітап оқуға ынтасын арттыру. Кітап өз құндылығын жоғалтпайтын ерекше сыйлық болып қалатынын көрсету. Ұйымдастырған:
кітапханашы Ж.Е. Жолдыбаева.




2022-2023 жылғы тәрбие жоспарына сәйкес дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бөліміне сәйкес, қаңтар айында жоспарланған "Отбасы - мектеп" жобасы "Әкеге қарап ұл өсер" тақырыбында 5"Ә", 5"Б", 5"В" кластарының қатысуымен 27 қаңтар күні әкелер арасында волейболдан жарыс өтті. Жарыс барысында
І орын - 5 "Б" класы
ІІ орын - 5"Ә", 5"В" кластары иеленді.
Жарысты ұйымдастырушылар:
Г.Н.Таймова,
І.Қ.Қайырғазина,
Дене шынықтыру пәні мұғалімі: Н.Жолманов
Жарысқа мектепішілік "Жігер" әкелер клубының төрағасы Ж.А.Курманбеков, төраға орынбасары А.Букеев өз тараптарынан демеушілік жасап, бағалы сыйлықтар табыстады.

     
Мектепішілік тәрбие жоспарының рухани- танымдық адамгершілік тәрбие бағыты бойынша ағымдағы жылдың 07-наурыз күні 8- наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында «Ана-гүл,ана-жыр, ана-өмір шуағы» атты концерттік бағдарлама өтті. Мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету. Шараға 9,10,11-класс оқушылары қатысты. Әннен жыр төгіп, күй тартылып, музыкалық спектакль қойылымында билеген оқушыларымыз мектеп ұстаздарына жақсы көңіл күй сыйлады. Ұйымдастырушылар: ДТІЖО Г. Н. Таймова, тәлімгер Г. Т. Сармолдина.


Облыс әкімінің орынбасары Б. Елеусінованың 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған шаралар тұжырымдамасы негізінде «Әдемілік әлемі» атты концерттік бағдарламаны мектептің ер мұғалімдері ұйымдастырды. Мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Шараны мектеп басшысы Б. Д. Жумагулов құттықтау тілегімен ашты, шара барысында ән айтылып, би билеп,караокемен өлең айтылып,сыйлықтар үлестірілді.
Ұйымдастырушылар: музыка жетекшісі: Н. Бисенов, ұжымның ер мұғалімдері.


ЕКІ ЖҰЛДЫЗ

Тәрбие жоспарының көпмәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие бағыты бойынша, 31 қаңтар күні «Екі жұлдыз» ұстазбен оқушы арасында ән байқауы өтті. Мақсаты: ұстазбен оқушы арасындағы байланысты арттыру, шығармашылық қолдау көрсету, әншілік қасиеттерін, өнерге деген құштарлығын ояту.
Байқау кезеңдері:
Заманауи стиль
Угадай мелодию
Ретро стиль.
Байқау нәтижесінде:
Бас жүлде психолог Архаров Дәулет және оқушы Тілеубергенова Гүлназ
І орын биология пәні мұғалімі Мұқанбетқазы Гүлсан және оқушы Ізет Дидар.
ІІ орын дене шынықтыру пәні мұғалімі Самат Жасұлан және оқушы Жасмин Бахитова.
ІІІ орын даярлық тобы мұғалімі Нұрсая Бахчанова және оқушы Хияшова Қаракөз.
Ұйымдастырған: тәрбие бөлімі
Құттықтаймыз!!!