2023 жылдың 21 желтоқсан күні «№31 қазақ орта мектебі» КММ-де қамқоршылық кеңесінің №4 отырысы өтті.
Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қарастырылды:
1. 2023 жылды қорытындылау есебі.(баяндамашы мектеп директоры: Б.Д.Жумагулов)
2. 2023-2024 оқу жылының 1-тоқсаны бойынша тәрбие жұмысының есебі.(баяндамашы мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары:Г.Н.Таймова)
3.Әртүрлі сұрақтар. Күн тәртібіндегі мәселелер толық талқыланып, кеңес мүшелері өз пікірлерін ортаға салды.Қамқоршылық кеңес отырысының қаулысы шығарылды.