"№31 қазақ орта мектебі" КММ-нің мектеп директорының және директор орынбасарларының ұялы телефондарын жариялайды. Бұл азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру мақсатында жарияланып отыр.
Хабарландырулар!
ХАБАРЛАНДЫРУ «№31 қазақ орта мектебі» КММ – сінде педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы No57 бұйрығының (22.12.2022 No513 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізілетінін хабарлайды. Мектепке бос лауазымдар туралы ақпаратты мектебіміздің «31ksh.edu.kz» сайтынан, мектептің инстаграм @31_mektep парақшасынан және фейсбук парақшаларынан көруге болады; Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі (22.08.23. дейін); Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам қағиданың 107-тармағына сәйкес хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдай алады: ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ: 1. Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттар дың көшірмелері; 5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы No ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 21579 болып тіркелген). 7. психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8. Наркологиялық ұйымнан анықтама; 9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог- модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). 10. 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.