Меню KDT
МЕНЮ
logo.jpeg?_=1687196579
"№31 қазақ орта мектебі" КММ
Біздің сайтқа қош келдіңіз



Тақырыбы:”Үштік одақ” Мақсаты: Ата ана, оқушы , мұғалім арасындағы сыйластық, түсінушілік, құрметтің маңыздылығына тоқталу. Тренингтер арқылы дәлелдеу . Баланың бас ұстазы — ата ана екендігін түсіну.




2022 жылы, 23 қыркүйек күні 4 кластар бойынша ата- аналар жиналысы өткізілді.
Мақсаты: мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, саналы ,тәрбиелі, салауатты, озық ойлы оқушыларды тәрбиелеу. Ата-аналарды заман талабына ақпараттандыру. Үш жақты байланысты нығайту.
Күн тәртібінде: Мектептің ішкі тәртібі, оқушылардың өмір қауіпсіздігі, міндеттері,оқу үлгерімі, тәртіп, тазалығы қаралды.
“Отбасы- бақыт ұясы”, “Бала-ата-ана қуанышы”, “Мектеп, ата-ана, ұстаз бірігуі саналы ұрпақ тәрбиесінің ізгі жолдары” тб тақырыптарда коучинг, дөңгелек үстел, пікірталастар жүргізіліп, жағдаяттық тапсырмалар орындатылып,сауалнамалар алынды. Ата- аналар тапсырылған жұмыстарға белсене араласып, өз ойларын ортаға салып, ой бөлісіп, ашық талқылауларға қатысты.Кері байланыс жасалып, балаларының сабақ үлгерімі жөнінде класс жетекшілермен жеке сөйлесіп, өз сұрақтарын қанағаттандырды. Аталған жмналысқа мектеп директоры Б.Д.Жумагулов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Таймова Г. Н. Директордың бастауыш кластар жөніндегі орынбасары А.З. Сакауова қатысып, ата-аналарға ыстық лебіздерін білдіріп, қойылған сауалдарға жауап берді.
Жиналыс жүйелі өткізілді. Класс жетекшілер: Н.Бұғыбаева, Г. Кенжебекова, С. Айтбаганбетова, А. Ершина, Н. Елубаева.




Тақырыбы: «Отбасы – өмір аясы» Мақсаты: Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларды білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Ата-ана мен баланың арасындағы қарым – қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету. 3б класс Класс жетекші:Елеусізова Жарқынай Шалқарбайқызы.




3 «Ә» класында мектеп директоры Б.Д.Жумагулов пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Н.Таймованың қатысуымен «Отбасы-тәрбие басы» атты ата-аналар жиналысы өтті. Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың орнының ерекше екенін түсіндіру. Мейірімді, сыпайы әдеттері бойына сіңіріп өсіру жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.

2022 жылдың 29 қыркүйек күні 8 “А”класында “Мен және менің балам” атты ата — аналар жиналысы өтті. Аталған жиналысқа мектеп директоры Б.Д.Жумагулов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Таймова Г.Н қатысып, ата-аналарға ыстық лебіздерін білдіріп, қойылған сауалдарға жауап берді. Класс жетекшісі: Жанабергенова Ж.О




29.09.2022 жылы 11”А” сыныбында “Ата-ана мен бала қарым-қатынасын нығайту” атты тақырыпта ата-аналар жиналысы өтті.
Мақсаты:қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, тиімді қарым-қатынас орнату.
Сынып жетекшісі:Раимбаева Г.Б.